Алматыда кезекті қаржы пирамидасы анықталды. Бұл жолы «Boxy Wealth» деген атаумен жұмыс істеген заңсыз жобаға 180-нен астам адам сеніп, 230 миллион теңгеден айырылып қалды, деп жазады Ozgeris.info.
Ұйымдастырушылар халыққа «айына қаншама пайыз табасыз» деп уәде берген. Мәселен, біреу 100 мың теңге салса, бір айдың ішінде 250 мың теңге қылып қайтарамыз деген. Шын мәнінде мұндай көрсеткіш мүмкін емес, өйткені банктердің өзі жылына 10-15 пайыз ғана өсім береді. Ал мұнда уәде етілген табыс жылдық есеппен 1800 пайызға жеткен. Бұл классикалық қаржы пирамидасының белгісі.
Жобаға қатысқандар тек ақша салумен шектелмей, жаңа адамдарды тартса, үстінен тағы 10 пайыз сыйақы аламыз деп сендірілген. Яғни, жүйе тек жаңадан қосылғандардың ақшасына сүйеніп тұрған.
Азаматтардан жиналған қаражат дропперлердің (яғни өз атындағы картасын жалға берген делдалдардың) есепшоттары арқылы қабылданып, кейін криптовалюта әмияндарына аударылып отырған.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қазіргі кезде ұйымдастырушы қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.