Қоғам

Бетінің сау-тамтығы жоқ: Шымкентте еркек экс-әйелін қышқыл сұйықтықпен күйдіріп тастаған (ВИДЕО)

  Бетінің сау-тамтығы жоқ: Шымкентте еркек экс-әйелін қышқыл сұйықтықпен күйдіріп тастаған (ВИДЕО)

Шымкентте бұрынғы күйеуінен қысым көрген әйел дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Оқиға 2 тамызда болған, 

Анықталғандай, ерлі-зайыптылар осыдан бес жыл бұрын, сәбилері алты айлық кезінде ажырасқан. Соған қарамастан, бұрынғы күйеуі әйелге күштеп несие рәсімдетіп кеткен. Сәбиі мектеп жасына жеткенде әйел алимент өндіруге арызданады. Алайда, айына небәрі 10 мың теңге төлеп жүрген бұрынғы күйеуіне бұл міндеттеме ұнамаған. Ер адам әйелдің үйіне келіп, есігін теуіп, алименттен нотариалды түрде бас тартуды талап етіп, қоқан-лоқы көрсетіп жүрген.

2 тамыз күні күдікті бұрынғы әйелін алдап кездесуге шақырып, үстіне сұйықтық құйып, зақым келтірген де, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленуші ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Педакция Шымкент полициясына сұрау жолдады. Олардың хабарлауынша, қылмыстық іс қозғалған.

 «Аталған дерек бойынша Шымкент қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, сол күні оны Алматы қаласында ұстады. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында», - деп хабарлады департамент.

 

Барлық жаңалық