Қоғам

5 жыл кіре алмайды: «Павлодар наш» деген ресейлік блогер Қазақстаннан қуылды

5 жыл кіре алмайды: «Павлодар наш» деген ресейлік блогер Қазақстаннан қуылды

Қазақстан Республикасының аумағынан әлеуметтік желіде елге және халыққа тіл тигізген шетел азаматшасы Г.К. (Ксения Гузаева) елден шығарылды,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұған дейін сот оны әлеуметтік желілердегі арандатушылық және әдепсіз сипаттағы пікірлері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан болатын. Сот шешімімен оған Қазақстанға 5 жыл мерзімге кіруге шектеу қойылды.

Қазақстанға көшіп келген ресейлік блогер Ксения Гузаева (Fassoollka) тікелей эфир барысында еліміз туралы теріс пікір білдіріп, қазақстандықтардың шамына тиген еді. Елде тұрып жатып, Қазақстанды «Мамбетстан», «Штрафстан» деп кемсітіп, қазақ халқына қатысты балағат сөздер айтқан. Сонымен қатар, Павлодар қаласын «Ресейдікі» деп мәлімдеген.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл әрекетке заң аясында баға беріп, тиісті шара қолдануды талап еткен болатын. Тиісті орган өкілдері Заң талаптарын сақтау және елге құрметпен қарау – баршаға ортақ міндет екенін тағы бір мәрте еске салады.

Барлық жаңалық