Әнші Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова кенже қыздарының тұсаукесер тойы мен туған күнін жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы актриса өзінің жеке парақшасында бөлісті.
"Салтымызды сақтап, дәстүрді жалғап, Рабия Сұлтанның тұсау кесу рәсімін жасадық", деп жазды ол.
Белгілі болғандай Рабия Сұлтанның тұсауын Динара Сәтжан кескен. Тележүргізуші өз парақшасында Алматыға арнайы келгенін айтты.
"Осыдан бірнеше ай бұрын Жұлдыз менен Рабия-Сұлтанның тұсауын кесуімді өтінген еді. Бұл мен үшін әдемі дәстүр ғана емес, мен үшін абырой, сенім деп қабылдадым. Рабия - Нұртас әулетіне шуақ болып келді, жылылық пен махаббатын ала келді. Қайрат пен Жұлдыздың балалары көз алдымызда өсіп келеді. Барлығы өнерлі, тәрбиелі, білімді. Мұның артында ата-ананың ғана емес, бүкіл 7 атаның қаны мен жаны тұр. Ата-әженің көрегендігі мен құндылығы балаларға да мирас болып жалғаса бермек. Жұлдыз туралы әңгіме бөлек. Ұстамды, парасатты. Маған берген сұқбатында Жұлдыз қыздарының атын Рабия-Сұлтан деп қоюуының себебін де айтқан еді", деп жазды Динара Жанықұл.
Осы тұста желі қолданушылары көптеп пікір жазды, басым бөлігі Динара Сәтжанның тұсау кесуіне қарсы болған.
"Оданда енеңіз немесе атаңыз кессе салғаны дұрыс еді. Қазаққа үлгі болатындай жандар ғой", "Динара Сатжан кескен ба, басқа жақсы тұлғалар көп қой", "Тұсау кесетін басқа адам табылмады ма", "Ажырасқан адамға тұсау кескізуші ме еді? Әдетте ырымдап үлгілі адамға кезкізетін еді", "Қазақта екі рет тұрмыс құрған әйел тұсау кеспейді", деді көпшілік.