Желіде белгілі публицист әрі блогер Санжар Керімбайдың күнделікті тұрмыстағы қарапайым қозғалыс пен рухани тазалықты ұштастыру туралы айтқан кеңесі қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оның айтуынша, денсаулықты нығайту мен сергектік сыйлау үшін арнайы фитнес-залдарға барып, артық шығындалудың еш қажеті жоқ. Күнделікті қарапайым әрекеттердің өзі ағзаға үлкен пайда әкеледі.
Үйді қолмен тазалау: Еденді швабрасыз, қолмен жуып-жинау ағзаға түсетін өте жақсы физикалық жүктеме.
Лифтіден бас тарту: Көпқабатты үйде теппешекпен жаяу көтерілу жүрек пен бұлшықет жұмысын жақсартады.
Велосипед тебу: Тұрақты велосипед айдау денедегі калорияны жағып, сергектік сыйлайтын таптырмас әдіс.
Сонымен қатар, ол рухани серпіліс іздегендерге қосымша кеңес ретінде Яссауи жолындағы «ара зікірін» тартуды атап өтті.