Елдегі кезекті үйлену тойының видеосы желі қолданушыларының ашу-ызасын туғызды. Тойда күйеу жігіттің әке-шешесінің жасаған әрекеті оқырмандар тарапынан қатаң сынға ұшырады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Видеодан байқалғандай, жас жұбайлардың қуанышында күйеу жігіттің анасы мен әкесі торт кесіп, бір-біріне берген. Тіпті жастарға тиесілі сәтті өздеріне аударып, «дым көрмегендей» тортқа жармасқан ата-ананың бұл әрекеті көпшіліктің ызасын тудырды.
Желідегі оқырмандар бұл жағдайға түрлі пікірлер қалдырған.
«Ең құрығанда жастардың тойында торт жемей-ақ қойса болады ғой! Не деген тойымсыздық? Күйеу жігіттің әке-шешесі жастармен жағаласып не көрінді? Өздерінің деңгейлерін көрсетіп қойды.Жастардың жеке қуанышы мен дәстүрлі торт кесу сәтін де тартып алғандай болды», - деп жазды олар.
Көпшілік ата-аналардың мұндай өрескел қылығын мәдениетсіздікке балап, жастардың тойында шектен шықпау керектігін айтып, сөгіп жатыр.