Шоу-бизнес

«Жарыммен жолықтырған – осы кісі»: Мұхамеджан Тазабек Бекболатқа ағынан жарылды

«Жарыммен жолықтырған – осы кісі»: Мұхамеджан Тазабек Бекболатқа ағынан жарылды

Танымал қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек мемлекет және қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханнің 60 жасқа толуына орай әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол Бекболат Тілеуханның көпшілік біле бермейтін адами қасиеттеріне тоқталып, өз өмірінде ерекше орны бар екенін айтты. Тазабектің сөзінше, мерейтой иесі оның жарымен табысуына себепкер болып, руханият жолындағы алғашқы қадамдарын жасауына қолдау көрсеткен.

Сондай-ақ ол Бекболат Тілеуханның әншілік, жыраулық, депутаттық, ұлттық спортты дамыту және қоғамдық қызмет сияқты бірнеше саланы қатар алып жүрген тұлға екенін атап өтті.

Мұхамеджан Тазабектің пікірінше, Бекболат Тілеухан қоғамда қызу талқы тудыратын мәселелерде де өз ұстанымынан таймаған.

«Мен оның жақсылығын көрдім. Ағалығын көрдім. Ел деп күйгенін көрдім. Қателескенде де, күрескенде де иманмен, тәубемен қалғанын көрдім. Ал, қалған бағасын уақыт береді», – деп жазды ол.

Жазба соңында Мұхамеджан Тазабек мерейтой иесіне денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, ел игілігі үшін атқарған еңбегінің жемісін көруіне тілектестік білдірді.

Барлық жаңалық