Шоу-бизнес

«Тойдың кесірі халыққа тиді»: Мирас пен Құралайдың қуанышы жұртты шулатты (ВИДЕО)

«Тойдың кесірі халыққа тиді»: Мирас пен Құралайдың қуанышы жұртты шулатты (ВИДЕО)

Танымал жұп Мирас пен Құралайдың қызы Іңкәрдің тойы Алматы қаласында дүркіреп өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Жұлдыздар жиналған бұл тойдың тізгінін Айгүл Иманбаева ұстады. Света Айтбаева ұзатылып жатқан қызды алып шықса, Жазира Байырбекова әсем әнімен шығарып салды. 

Осы тұста желі қолданушылары көптеп пікір жазды. Олардың арасында аталмыш тойдың халыққа кесірі тигенін айтып жатқандар да бар. 

"Осы той екен ғой жолды ұстаған. Халық аренаға бұрыла алмай 20 минут, одан Магнумға дейін жарты сағат тұрдық. Адамдарға да обал, жүргізушілердің де уақытын алды", "Тойдан бұрын адамдарды да ойласаңыздар екен. Осы тойдың кесірінен үйімізге сағаттап жете алмадық", деді олар. 

Алайда пікір білдірушілердің басым бөлігі екі жасқа жүрекжарды тілегін арнаған. 

Барлық жаңалық