Әнші Қарақат Әбілдина бұрынғы "АБК" тобы мүшелерінің басын қосып, жастық шақтағы жылы естеліктерін еске алды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Әнші жылы естелігімен өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
"Бүгін біздің үйге АБК-ның серілері ат басын тіреді…Бұл азаматтарды танығаныма биыл тура 30 жыл екен. АБК тобының құрылғанына да — 30 жыл. Сол уақыттың, сол ортаның, сол бір әдемі кезеңнің куәсі болғаныма өте қуаныштымын.
АБК-ның әндерімен студенттік шағым өтті. Оларды көрген сайын көз алдыма бал-бұл жайнаған 18 жасым келеді… Арман көп, уайым аз, көңіл алаңсыз кез. Қандай шақтар еді…Бүгін дастарқан басында отырып, сол күндерді бір-бірлеп еске алдық. Бірге жүрген достарымызды айттық. Бір күлдік, бір күрсіндік… Медеудің келіншегі Айгүл марқұмды еске алдық. Айгүлмен туған абысындардай жақын араластық. Жаны сондай жақсы адам еді… Өкінішке қарай, ғұмыры қысқа болды. Иманы жолдас, жаны жәннатта болсын! Көрмеген жақсылығын артында қалған ұл мен қызына көру бұйырсын!", деп жазды ол.