Қызын ұзатқан Мирас пен Құралай "Той думан" арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Әнші Мирас қыз беру оңай емес екенін айтты.
"Бүгін бізде қуанышты күн. Бірақ қыз берген оңай емес. Алайда уақытымен теңін тапқаны ол да бір бақыт. Біз керісінше көбейіп, ұлды болып жатырмыз. Былтыр бір қызымызды ұзатқан едік, биыл Іңкәр қызымызды ұзатып жатырмыз. Ең бастысы қыздарымыз тастай батып, судай сіңсін. Той баршамызға жұғысты болсын", деді жұлдызды жұп.