Жаңалықтар

«Бес қабатты етіп салынуы тиіс еді»: Ұлдана Мырзуан ісінде апат себебі айтылды

«Бес қабатты етіп салынуы тиіс еді»: Ұлдана Мырзуан ісінде апат себебі айтылды

Астанада қызмет барысында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 9 қыркүйектегі сот отырысына құрылыс саласының сарапшысы Вероника Лабаева қатысты.

Сарапшының сөзінше, Тәуелсіздік көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үй бастапқы жоба бойынша бес қабатты болуы тиіс болған.

«Ғимараттағы қабат саны белгіленген талаптарға сәйкес келмеген. Әрине, құрылыс кезінде сапасыз материалдардың, соның ішінде сынған кірпіштердің қолданылуы да нысанның жағдайына әсер еткен. Дегенмен негізгі себеп – жобада кеткен қателік.

Егер ғимарат бес қабатты етіп тұрғызылғанда, мұндай динамикалық жүктемеге ұшырамас еді. Ал бұл жағдайда ғимараттың биіктігі қажетті есептеулер жүргізілместен екі есеге арттырылған», – деді Вероника Лабаева.

Сарапшының түсіндіруінше, ғимараттың қабаты көбейген сайын оның конструкцияларына түсетін салмақ та едәуір артқан. Нәтижесінде бастапқы жобада қарастырылмаған қосымша жүктеме пайда болған.

Барлық жаңалық