Қоғам

«Басына түскеннен кейін түсініп отыр»: Журналист Төреғали Төрәлінің қайырымдылық қоры туралы жазды

«Басына түскеннен кейін түсініп отыр»: Журналист Төреғали Төрәлінің қайырымдылық қоры туралы жазды

Журналист әнші Төреғали Төреәлінің жаңа қор ашқаны туралы жазды, деп хабарлайды ozgeris.info.

«Төрештің мына тірлігіне риза болдым. Басына түскеннен кейін де түсініп отыр ғой. Ерекше баласы бар әкелерге үлгі деп есептеймін. Төреш — ерекше қызы 10 жасар Кәусарға арнап ән жазып, ерекше балаларға қолдау білдіріпті. “Кәусар” қорын құрып, табысының 10 пайызын сол қорға аударып отыратын болды. Қордың мақсаты — ерекше балалардың дамуына, қоғамға бейімделуіне көмек беру. Қорды Төрештің жары Толқын басқарады», — деп жазды ол.

Барлық жаңалық