Жаңалықтар

Байден Си Цзиньпиннің G20 саммитіне қатыспайтынына ренжіді

АҚШ президенті Джо Байден Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Делиде өтетін G20 саммитіне қатыспайтынына ренжігенін айтты. Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы Голос Америки басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Байден Си Цзиньпинмен кездесуге ниетті екенін жеткізді. "Менің көңілім қалды, бірақ бәрібір де онымен кездесемін", - деді Байден. Байден 7-10 қыркүйекте Үндістанға G-20 саммитіне қатысып, содан кейін Вьетнамға барады. Өйткені АҚШ әкімшілігі Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасын нығайтуға тырыспақ. Си Цзиньпин саммитке келмеуі мүмкін. Бейжіңнің атынан Қытай премьер-министрі Ли Цян қатысады деп күтілуде. Байден саммитті асыға күтетінін атап өтті. Оның айтуынша бұл жиын Вашингтон, Бейжің және Нью-Дели арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге ықпал етеді "Менің ойымша, Үндістан мен Вьетнам Америка Құрама Штаттарымен жақын қарым-қатынас құруды қалайды. Бұл өте пайдалы болуы мүмкін", - деді Байден.
Барлық жаңалық