Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның отырысында «Бәсекелестік туралы» жаңа заң жобасы қызу талқыға түсті. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) ұсынған бұл құжат тауар нарықтарын демонополизациялауды көздегенімен, бизнес пен сарапшылар қауымдастығында бірқатар күмән тудырып отыр деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Шибутовтың айтуынша заң жобасындағы негізгі өзгерістер:
Жанармай, энергетика, көлік және байланыс нарықтарында бағаны бақылау күшейтіледі. Монополиялық жоғары бағаны анықтау тетіктері жеңілдетіледі.
Мемлекеттің қатысуын азайту: Стратегиялық және әлеуметтік нысандардан бөлек мемлекеттік кәсіпорындар үшін бес жылдық мерзім шектеуі енгізіледі.
Тұтынушылар монополияға қарсы істер бойынша өз қаражаттарын қайтару үшін топтасып сотқа шағым түсіре алады.
Талқылау барысында сарапшылар заң жобасының кейбір тұстарына қатысты алаңдаушылық білдірді:
Бағаны қатаң мемлекеттік реттеу салалардың стагнациясына, инвестицияның азаюына және тауар тапшылығына әкеп соғуы мүмкін. Бұл экономикалық тұрғыдан өте қауіпті құрал.
Ұжымдық талап арыздар тетігін енгізу бизнеске қарсы негізсіз шағымдардың көбеюіне әкелуі мүмкін. Агенттік ұсынған нұсқа бойынша, талап арыздар адамдардың тікелей келісімінсіз де берілуі мүмкін. Бұл заңгерлердің бизнестен ақша табу құралына айналып, «кәсіби сутяжниктердің» пайда болуына жол ашады деген қауіп бар.
Егер мемлекет бизнеске айыппұл салса, оған қоса ұжымдық талап арыздар бойынша тағы да өтемақы төлету — бір құқық бұзушылық үшін екі рет жазалау принципіне ұқсайды.
Маңызды талқылауда Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті өкілдерінің болмауы сұрақ тудырды. Тұтынушылар құқығына тікелей қатысты мәселеде БҚДА-ның басқа органның «алаңына» шығуы және құзыретті органның үнсіз қалуы заң жобасының сапасына әсер етуі мүмкін.
Сарапшылардың пікірінше, жаңа Салық кодексі мен ұжымдық талап арыздардың бір мезгілде енгізілуі бизнеске ауыр салмақ салып, инфляцияның кезекті толқынын тудыруы ықтимал.