Министрліктің мәліметінше, оқиға бүгін Доссор ауылындағы жанармай құю бекетінде болған. 112 қызметіне шұғыл хабар түскен бойда төтенше жағдайлар қызметінің күштері оқиға орнына дереу жеткен деп хабарлайды Оzgeris.infoсайты КазТАГ сайтына сілтемемен.
Алдын ала деректер бойынша, автобустың қозғалтқыш бөлігі от алып, жалын бірден күшейе бастаған. Егер өрт жанармай сақталған аймаққа таралса, үлкен жарылыс қаупі туындауы мүмкін еді.
Дегенмен, құтқарушылардың дер кезінде және кәсіби әрекетінің арқасында тілсіз жау қысқа уақытта ауыздықталды. Олар оттың жанармай бекетіне таралуына жол бермей, жағдайды толық бақылауға алды.
«Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады .
Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Ал автобус иесіне тиісті сараптама нәтижесі ұсынылатын болады.