Астанада LRT желілерінің құрылысы қаланың бірнеше бөлігінде қатар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Сығанақ және Айтматов көшелерінде, сондай-ақ Тұран даңғылында уақытша қолайсыздықтар болуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Сығанақ көшесіндегі №201 станцияда екі LRT желісін – №2 және №3 бағыттарын байланыстыратын ауысып міну станциясы салынады.
Сонымен қатар, Астанадан Қосшы бағытына қатынайтын LRT желісін 2027 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.