Жаңалықтар

Астанада құрылыс краны құлап, 36 жастағы ер адам ажал құшты

Астанада құрылыс краны құлап, 36 жастағы ер адам ажал құшты

Астанадағы құрылыс алаңында мұнаралы кран құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Ozgeris.info

Оқиға 2026 жылғы 27 тамызда Қазыбек би көшесінде салынып жатқан «Alaman» тұрғын үй кешенінің аумағында болған. Әлеуметтік желіде қайғылы жағдай орнынан түсірілген бейнежазба тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, құрылыс алаңында КБ-403 мұнаралы краны құлаған.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкелген дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«36 жастағы ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Барлық жаңалық