Астанада Ұлттық тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ Хәрри Поттер әлеміне арналған арнайы пойыз жобасын іске қосты. Енді қала тұрғындары мен қонақтары сиқырлы әлем атмосферасына ерекше саяхат жасай алады, деп жазады Ozgeris.info.
Пойыз «Астана-1 – Тастақ – Астана-1» бағыты бойынша жүреді. Қашықтығы – 60 шақырым, сапар ұзақтығы – екі сағат. Жол бойында жолаушыларды Хәрри Поттер кейіпкерлерінің образындағы актерлер қарсы алып, түрлі қойылымдар көрсетеді.
ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, бағдарламада балалар мен ересектерді ертегідей саяхатқа жетелейтін интерактивті элементтер қарастырылған. Ал саяхат соңында әрбір балаға есте қалатын сыйлық ретінде сиқырлы таяқша табысталады.
Алғашқы рейстер 5 қазан және 12 қазан 2025 жылы сағат 11:25-те жолға шығады. Билеттерді жеке де, топ болып та броньдауға мүмкіндік бар. Ұйымдастырушылардың ескертуінше, 30 қыркүйектен кейін билет бағасы қымбаттайды.