Алматыда 26 қарашаға қараған түні жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оқиға орнында түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарады.
Төтенше жағдайлар департаменті 26 қараша күні сағат 03:44-те өрт туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.
“Төтенше жағдайлар департаментінің алғашқы бөлімшесі шақырту түскеннен соң төрт минут ішінде оқиға орнына жетті. Құтқарушылар келген кезде үйді түгелдей жалын шарпып, өрт қатты өршіп тұрған”, – делінген хабарламада.
Мәліметке сәйкес, өрт сағат 04:42-де толық сөндірілген.