Ақтөбеде 2 қыркүйек күні түнгі сағат 22:20 шамасында жол апаты болып, жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады. Белгілі болғандай, 16 жастағы мектеп оқушысы әкесінің Mitsubishi Carisma маркалы автокөлігін рұқсатсыз алып шыққан.
Кәмелетке толмаған жүргізуші тізгінде келе жатып, көлікті басқара алмай, аударылып қалған. Өкінішке қарай, алған ауыр жарақаттарының салдарынан жасөспірім оқиға орнында жан тапсырды.
Құқық сақшылары ата-аналарды балаларына көбірек назар аударып, олардың әрекеттерін жіті бақылауға шақырады.