Ақтөбе тұрғыны әйелін басынан бірнеше рет ұрып, оның өліміне себеп болды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Тергеу дерегінше, ер адам әйелін ұрып-соққаннан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, төсекке таңылып қалған. Алғашқыда дәрігерлердің госпитализация жасау туралы ұсынысынан бас тартқан. Кейін екінші рет жедел жәрдем шақырылғанда ауруханаға жеткізілген, бірақ әйел реанимацияда көз жұмды.
Сараптама әйелдің өліміне жабық бас-ми жарақаты себеп болғанын анықтады. Бұған дейін де ер адамның оған бірнеше рет қол көтергені белгілі болды.
Прокурор 10 жыл сұрағанымен, сот айыпталушыны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сот облыстық денсаулық сақтау басқармасына жедел жәрдем жұмысына қатысты ескерту жасады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.