Жаңалықтар

Ақтауда екі жасөспірім суға батып кетті: біреуі қаза тапты

Ақтауда екі жасөспірім суға батып кетті: біреуі қаза тапты

2025 жылдың 9 маусымында Ақтаудың 9А шағын ауданында қайғылы жағдай тіркелді. «I Love Aktau» шағын сәулет нысанының маңында екі жасөспірім шомылып жүріп суға кетті. Бұл туралы ozgeris.info сайты Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға сағат 17:40 шамасында болған. 2011 жылы туған екі оқушы шомылып жүрген кезде суға бата бастаған. Оларды куәгерлер судан шығарып алғанымен, біреуі оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

 

Құтқарушылардың айтуынша, балалар арнайы жабдықталмаған жерде шомылған.

 

— Екі баланы куәгерлер алып шықты. Өкінішке қарай, бір бала құтқарылмады. Екіншісінің жағдайы ауыр, – делінген департамент таратқан хабарламада.

 

Оқиға орнына ТЖД-ның 12 маманы, 5 техника бірлігі және бір жүзу құралы жұмылдырылды. Сонымен қатар, 2 жедел жәрдем бригадасы, 12 полиция қызметкері және 6 патрульдік көлік жұмыс істеді.

Барлық жаңалық