"Әйтеуір бір сап-сары дүние..." (Әділ Ботпанов).
Күз кешегі керуені көктемнің, Жапырақтар сағыныштың үлгісі. Өлең сенің жан-дүниеңдей мөп-мөлдір, Жаңбыр сенің көз жасыңның құрбысы. Жауса жаңбыр, жылағаны ол аспанның, Жұбатайық жапырақты, тамшыны. Тіршіліктің бәрі күзден басталды, Күз - ертегі. Күз - ғашықтар маусымы. Мәнін күзден іздейміз кеп жалғанның, Сен келдің де аяулы еттің тағдырды. Мөлдір моншақ кірпігіңнен тамған мұң, Жақсы көрем көз жасыңдай жаңбырды. Таптым сені жұлдыз жарық кезеңнен, Сүттей аппақ үмітімнің сыйы едің. Саған ғашық жан едім мен ежелден, Күзді сен деп, сені күз деп сүйемін. Жан-дертімді өзің келіп жазғасын, Жүрек қалай жапырақтай жылайды? Құлатпайық күз моншағын, көз жасын, Жылатпайық жүректегі құдайды... Жауса жаңбыр, жылағаны ол аспанның, Жұбатайық жапырақты, тамшыны. Тіршіліктің бәрі күзден басталды, Күз - махаббат... Күз - сағыныш маусымы. *** Романс "Өмір өзі-ақ өлтіреді сен мені, Өлтіріспе жарығым!"... (Мейірхан Ақдәулетұлы). Сөнбейді деп сенімнің шырағданы, Кім алдады? Иә, рас кінәм бары. Сағынышым айналып сандыраққа, Көз ұшында сәттердің мұнарлауы. Заңдылық па екі әлем тоғыспауы? Бәлкім бізді көрінбес тор ұстады. Періштем деп атауға серт бермеймін, Пендешілік еткен жоқ періште әлі. Құлазып ой, тоңып тән, құрып сүлдер, Бәлкім бізді айырды күдікшілдер. Менің жаным бірге ұшып кететіндей, Үп еткенде шашыңнан үмітсіз жел. Солғандай-ақ жүректің гүл күлтесі, Сонсоң мыйда Мәжнүннің күңгірт есі. Кездестірер әйтеуір "Мың бір түнім", "Мың бір күнім" немесе "Мың бір кешім". *** Сол бір түн. Шексіздік. Айнала. Жалғыздық. Гөзел. Сәт. Қараңғы. Өмірге өлең боп байланам, Сонан соң батырам қарамды... Жылуын сездіріп Ай ғана, Құс жолы бұрымын таранды. Күнәм мен күмәнді ой ғана, Мысықша тырнайды жарамды. Досым көп аянбас көмегін, Жауым көп ізімді аңдыған. Сол түннің жоғалтып дерегін, Көзімді тарс жұмып қалғығам. Бақыттың заһарын жұтып қап, Күнәмді әлемге жаярмын. Сол бір түн бетімнен қытықтап, Елесің оятты. Ояумын. Көргенше өлердей асығам, Жұп қылмас тағдырға қырсығып. Күнәмді несіне жасырам(?) Менсіз де тазармас тіршілік. Үміт - ол желге ұшар үлпілдек, Тәңірден сен жайлы сұрағам. Айнаға қараймын күлкім кеп, Әлемді арылтып күнәдан. Күнәсіз демеңдер күнәм бар, Күмәншіл іңірде күйреген. Балауса сезімге құмарлар, Сол түнгі жұлдыздай сиреген. Сүймесін дедің бе? "О, жынды"... Өзіңнен өзгесін бақылап. Сол бір түн соқыр қып көзімді, Сен неге ояттың? - "Ақымақ". *** Intro Бүгін тағы ой кездім, көз ілмедім, Жанымды ұғар дейсің жақыным қай? Кеуде ішінде тұншыққан сезімдерім, Бөлме ішінде шыңғырған ақылымдай. Шаршаймын кейде барлық кідірістен, Жалығамын тоқтаусыз жүгірістен. Өмір жолы - күтпеген кездесулер, себепсіз қоштасулар, түңілістер... Мұңлығындай ғасырдың күйген кезім, Ешкім аяқ баспаған бір мекенге, Шығып кеткім келеді үйден безіп, Жан әйнегін аяймын кірлетем деп. Иллюзия - бақыт пен сордың мәні, Мұңнан да ауыр санаға жат ұғымдар. Құдайға апаратын жолдың бәрі, Жүрек деп аталатын шақырымдар. *** Эйфория Жан қиналар кезеңді елемей көп, Ғұмыр кешіп келеміз сағынышпен, Саңылауын сананың көлегейлеп. Сығалайды ессіздік, бозбала мұң, Түйсігімде бір шаттық кемсең қағар, Бейуақытта жоғалта жаздағаным. Қай тарапты бетке алсам жарық әр шам? Мені бәлкім жолымнан адастырды, Жалғыздарды Құдай деп таныған шақ. Жұпар иісі гүлдердің елтеді кіл, Ауық-ауық күрсінем даланы аңсап, Айықпайтын кеудемнің дерті еді бұл. Қайырылмас бағзы миф, өткен аңыз, Жұмақ- тамұқ, ақ-қара... жаға жыртып, Көбелектей күйгелек боп барамыз. Азғын ойлар ұйқымды көп ұрлайды. Бәрі де енді басталды... Сүйемін мен Ертегіні өмір мен өлім жайлы. Ақиқатты сүйемін Тәңір жайлы!..Поэзия
Ақиқатты сүйемін Тәңір жайлы!...
28.12.2021
352
-
Алматыны жойқын жер сілкінісі күтіп тұр ма? ДДСҰ мәлімдемесіне талдау15:37, 27 шілде 2026
-
Новороссийск портындағы қызу жұмыс: Қазақстан мұнайы қайтадан экспорттала бастады15:23, 27 шілде 2026
-
Президент Ұлытау облысының жаңа әкіміне тапсырма берді14:44, 27 шілде 2026
-
"Ресми некеде жоқ": Нұрлан Әлімжанов пен әйеліне қатысты ақпар шықты13:16, 27 шілде 2026
-
Тоқаев Атырау облысының әкімін қабылдап, аймақты дамытудың басты міндеттерін жүктеді13:03, 27 шілде 2026
-
"Мекенің жәннат болсын!": Әнші Қанай марқұм анасын еске алды (ФОТО)12:00, 27 шілде 2026
-
-
Түркістан облысында анасын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды11:45, 27 шілде 2026
-
"Борат" бейнесінде жарнама түсірген "Shoqan" брендінің басы дауға қалды10:59, 27 шілде 2026
-
Алматы түніндегі сұмдық апат: шағын көліктегі екі қыз оқиға орнында көз жұмды10:43, 27 шілде 2026
-
“Баянның түсінігіне рақмет”: Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйелімен көзге түсті (ФОТО)16:35, 26 шілде 2026
-
"Жүрегімдесің...": Дариға Бадықова ел алдында көз жасын тыя алмады (ВИДЕО)19:38, 26 шілде 2026
-
"Колхоз, ауылбайсыңдар!": Тұрсынбектің қызы Айару қазақтарға тіл тигізді (ВИДЕО)17:58, 26 шілде 2026
-
"Төрт ай қозғалыссыз жаттым": Алла Пугачева таяқ ұстап ел алдына шықты09:44, 27 шілде 2026
-
«Көп нәрсені дұрыс жасамаппын»: Жазира Байырбекова күтпеген мәлімдеме жасады08:00, 27 шілде 2026
-
"Ресми некеде жоқ": Нұрлан Әлімжанов пен әйеліне қатысты ақпар шықты13:16, 27 шілде 2026
-
"Мекенің жәннат болсын!": Әнші Қанай марқұм анасын еске алды (ФОТО)12:00, 27 шілде 2026
-
Алматыда 40 жастағы әйел биіктен құлап, мерт болды16:41, 26 шілде 2026
-
Шахтадан басталған өзгеріс: Ұлытау әкімі "Қазақмыс" жобаларымен танысты16:39, 26 шілде 2026
-
Каспий теңізінде жер сілкінді19:03, 26 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
«Сезімді қайтем»: Гүлнұр Оразымбетова жан сырын ақтарды (ВИДЕО)18:27, 21 шілде 2026
-
-
"Говно-казахи!": Блогер Жанабыловтың әйелі ұлтты қорлады (ФОТО)00:16, 20 шілде 2026
-
"500 мың теңге беремін": Ерке Есмахан желіде жомарттық танытты17:48, 22 шілде 2026
-
"Сезім бір күнде сөнбейді": Жұлдыз Әбдікәрімова жазбасымен алаңдатып қойды15:02, 20 шілде 2026
-
"Өмір ғой, бұны да көрейік": блогер Ырысбала күйеуімен соттасатынын айтты11:12, 23 шілде 2026
-
"Ақ көйлектің өзі жараспай тұр": Тұрсынбек пен тоқалының суреті талқыға түсті (ФОТО)15:48, 20 шілде 2026
-
"Кім екені сол ісінен белгілі болды": Бағдагүл емшінің басы бәлеге қалды (ФОТО)17:00, 20 шілде 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
"Ол да хиджабта": Жігер Ауыпбаевтың бұрынғы әйелі туралы тың дерек шықты09:45, 30 маусым 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
“Бұл дүниемен қоштасты”: Бадықованың экс күйеуі қара жамылды22:05, 09 шілде 2026
-
"Тоқалы болып тиген бе?": Танымал блогердің ұзатуы қызу талқыға түсті (ВИДЕО)15:18, 06 шілде 2026