Компания Anthropic бағдарламалау және кодпен жұмыс істеуге арналған Claude Opus 4.8 атты жаңа модельді шығарды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Әзірлеушілердің мәліметінше, жаңартылған ИИ моделі Dynamic Workflow жүйесін қолданады. Бұл жүйе аясында жасанды интеллект тапсырманы өздігінен ұйымдастырып, оны орындау үшін көптеген ИИ агенттерін құрады. Мысал ретінде, көлемі 750 000 жол кодтан тұратын кодтық база қолданылған. Тапсырма 11 күнде орындалды, ал тесттердің сәттілік деңгейі 99.8% болды. Әдетте, мұндай жұмыс толық инженерлер командасының 6 айдан 1 жылға дейінгі еңбегін талап етеді. Осылайша, бұрын инженерлер атқаратын жұмыс қазір ИИ модельмен орындалады. Жаңа модель алдыңғы модельмен салыстырғанда кодтағы қателерді 4 есе аз жіберетіні айтылады.
Сонымен қатар, Dynamic Workflow жүйесі әлі де тестілеу кезеңінде және толық автономды емес, сондықтан адам тарапынан бақылауды қажет етеді. Осылайша, жасанды интеллекттің қарапайым чат боттан үлкен көлемдегі тапсырмаларды орындай алатын жүйеге дейін дамуы байқалады.