Алматы қаласы

Алматыда мопед мінген әйел жүк көлігімен соқтығысып қаза тапты

Алматыда 5 қыркүйек күні мопед айдаған әйелдің өмірін қиған жол апаты болды, деп хабарлайды  ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға таңғы сағат 8:50 шамасында Жетісу ауданында орын алған.

 

Капшагай тас жолымен оңтүстік бағытта келе жатқан Howo маркалы жүк көлігі мопедпен соқтығысқан. Мопедті тізгіндеген 54 жастағы әйел алған ауыр жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары басталды.

Барлық жаңалық