Сонымен қатар, ұйым қызметкерлерінің күнделікті жұмыс барысы мен қала көшелерін тазарту алгоритмдерімен танысуға мүмкіндік берілді. Директор қала тазалығын сақтау барысында кездесетін негізгі мәселелер мен жетістіктер жайлы бөлісті.
Таныстырылым барысында жаңа техниканың артықшылықтары, оның ішінде тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігі атап өтілді. Бұл жаңашылдықтар Алматының санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.