Қоғам

Айуандықпен өлтірген: Екібастұзда пәтерден әйел адамның мәйіті табылды

Айуандықпен өлтірген: Екібастұзда пәтерден әйел адамның мәйіті табылды

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Екібастұздағы Әуезов көшесі, 24-ші үй мекенжайындағы пәтерлердің бірінің есігін полицияның Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бұзып кіруге мәжбүр болған. Пәтер ішінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген әйел адамның мүрдесі (аяқ-қолдарының жоғарғы және төменгі жақтары кесілген) табылған. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

— Полиция адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.

Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.

Барлық жаңалық