Алматы қаласында 85 жастағы Нұрихан әже Нұр-Мүбәрак университетінің студенті атанды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.
Қария жоғары оқу орнында «Исламтану» бағытын таңдаған. Университет басшылығы оған әзірге бір жылға шартты түрде ақылы бөлімде білім алуға мүмкіндік берген. Алдағы қаңтар айында әже қайтадан ҰБТ тапсырып, жақсы нәтиже көрсетсе, толыққанды төрт жылдық оқуына ресми түрде қабылданады.
Айта кетсек, бұған дейін ол ұлттық тестілеуге қатысқанымен, компьютерді пайдалану тәжірибесі жеткіліксіз болғандықтан сынақтан өте алмаған еді. Соған қарамастан, Нұрихан әженің табандылығы мен білімге деген ынтасы жастарға үлгі болып отыр.