Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының №2 соты дәрігердің заңды қызметіне кедергі келтірген азамат М.-ға қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Azattyq Ryhy сайтына сілтемемен.
Оқиға 2025 жылдың 8 қыркүйегінде Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасында болған. Ер адам жарақат алған баласын қабылдау бөліміне әкеліп, дәрігердің гипс салу жөніндегі ұсынысымен келіспей, медициналық қызметкерге айқайлап, оны жағасынан алған.Сот барысында ол өз кінәсін мойындап, ашуға берілгенін айтты. Ал дәрігер оқиға кезінде өзіне тіл тигізілгенін және физикалық қысым көрсетілгенін растады.
Нәтижесінде сот азамат М.-ны Әкімшілік кодекстің 80-1-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, үш тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.Сот медиктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы мен азаматтардың өмірін қорғаудың басты шарты екенін атап өтті.