Шоу-бизнес

"Алла маңдайға жазбапты": Әнші Шахизада алғашқы махаббатын көрсетті (ВИДЕО)

"Алла маңдайға жазбапты": Әнші Шахизада алғашқы махаббатын көрсетті (ВИДЕО)

Танымал әнші Шахизада әлеуметтік желідегі парақшасында алғашқы махаббатымен бірге түскен видеоны жарияла, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Өнер иесі видеоны сыныптастарымен өткен тойдан кейін бөліскен. Оның айтуынша, сол кеште мектептегі алғашқы сезімімен қайта қауышқан.

«Кеше тойға барып, сыныптастарыммен кездестім. Той керемет өтті. Ал мына видеода — мектептегі алғашқы махаббатым “Бұл сезімді қайтейін” әнін орындап тұр. Ал мен жанында күліп тұрмын, бәрі кинодағыдай болып кетпесін деп. Ал сіздер алғашқы бала махаббаттарыңызды еске алдыңыздар ма?» — деп жазды Шахизада.

Желі қолданушылары бейнежазбаға түрлі пікір қалдырып, әсерлерімен бөлісті.

«Алғашқы махаббатыңызға тұрмысқа шыққаныңызда керемет дуэт болар еді», «Неткен таза сезім, Алланың қоспағанына амал жоқ», «Жігіт өте сымбатты әрі талантты, дауысы да керемет», «Екеуіңіз сахнада бірге ән айтсаңыздар, керемет жарасар едіңіздер» деген пікірлер көптеп жазылды.

 

Барлық жаңалық