Жаңалықтар

Әлеуметтік желідегі видео: Ақтаудағы орталықтың жұмысы тоқтатылды

Әлеуметтік желідегі видео: Ақтаудағы орталықтың жұмысы тоқтатылды

Ақтау қаласында тәрбиеленушілерге дөрекі қарым-қатынас көрсетілген түзету орталығы жабылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық білім басқармасы хабарлады деп жазды ozgeris.info.

Оқиға әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан кейін белгілі болды. Видеода ер адамның жерде жатқан баланы тепкені көрінеді. Бейнежазбаны зардап шеккен баланың анасы жариялаған.

Осы жағдайдан кейін полиция қылмыстық іс қозғады.

Тексеру барысында орталықта балалардың құқықтары бұзылған екі жағдай анықталған.

Білім басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта мекеме толықтай жабылған. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы ерекше балалардың ата-аналарымен байланыста екені айтылды.

Қазір орталықта болған балалар үйлеріне қайтарылған, олардың жағдайы тұрақты.(Видео)


Барлық жаңалық