Ақтөбе облысы

Әкесінің рұқсатынсыз көлікті мінген жасөспірім апатқа ұшырады

Ақтөбе қаласының «Бауырластар» тұрғын үй массивінде 8-сынып оқушысы әкесінің көлігін мініп көрмек болып, апатқа ұшырады деп хабарлайды Оzgeris.info сайты.Жасөспірім рульді басқара алмай, жол-көлік оқиғасын жасап, алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды.

 

Айта кетейік, бұл «Бауырластар» тұрғын үй массивінде соңғы екі айда орын алған екінші ұқсас трагедия. 2 қыркүйек түнде Алимхана Ермека көшесінде 16 жасар жасөспірім әкесінің рұқсатын алмай Mitsubishi Carisma көлігін жүргізіп, жол апатынан қаза тапқан.

 

Оқиғаға байланысты Ақтөбе полициясы ата-аналарды балаларын бақылауда ұстауға шақырды.

Барлық жаңалық