Шоу-бизнес

«Айыппұл салды, мені пысқырған жоқ»: Мақпал Жүнісова жол полициясына өкпесін айтты

«Айыппұл салды, мені пысқырған жоқ»: Мақпал Жүнісова жол полициясына өкпесін айтты

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова Өскемендегі жол полициясына қатысты ренішін ашық білдірді.

Әншінің айтуынша, гастрольдік сапармен Шығыс Қазақстанға барған кезінде мінген көлігін тәртіп сақшылары тоқтатып, біраз уақыт жібермей қойған.

Кейін айыппұл салынған.
Өнер иесі бұл жағдайға байланысты әлеуметтік желіде пікір қалдырды:

«Мен шықтым, амандастым, пысқырған да жоқ. Әй, еркектер-ай!»
Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты түрлі пікір жазып жатыр.

Барлық жаңалық