Спорт

Ағылшын Премьер-лигасында 15-турдың толық кестесі жарияланды

Ағылшын Премьер-лигасы 2025/2026 маусымының 15-турына арналған матчтар кестесі белгілі болды деп хабарлайды Оzgeris.info. Бұл турда жанкүйерлерді бірқатар тартысты кездесулер күтіп тұр.

 

Алғашқы ойындар 6 желтоқсанда басталады. Турды “Астон Вилла” мен “Арсеналдың” ойыны ашады — матч 15:30-да өтеді. Кешкі 18:00-да уақытта бірден бірнеше кездесу қатар өтеді: 

 

  • “Эвертон – Ноттингем Форест”
  • “Манчестер Сити – Сандерленд”
  • “ Ньюкасл – Бернли”
  • “Тоттенхэм – Брентфорд”
  •  “Борнмут – Челси” ойындары

 

Түнгі дерби ретінде саналған “Лидс – Ливерпуль” матчы 20:30-ға қойылған.7 желтоқсанда жанкүйерлер екі кездесуді тамашалайды:

 

  • 17:00 — “Брайтон – Вест Хэм”
  • 19:30 — “Фулхэм – Кристал Пэлас”

 

Турдың соңғы ойыны 8 желтоқсанда, 23:00-де өтеді. Бұл турдың басты матчтарының бірі “Вулверхэмптон – Манчестер Юнайтед” кездесуі.

 

АПЛ жанкүйерлерін тартысы жоғары, нәтижелі ойындар күтіп тұр. 15-тур маусым тағдырына әсер ететін маңызды кезеңдердің бірі болмақ.

Барлық жаңалық