Жаңалықтар

«Әгугай мен Игигай» музыкалық ертегі-шоуы өтеді

«Ертегілерде қоғамдық тартыс та, күштілердің көпшілікке көрсеткен қиянаты, зорлық зомбылығы және халықтың арман, әділет туралы ұғым нанымы түгел жинақталған», – дейді Мұхтар Әуезов. Есте жоқ ескі замандардан бүгінге дейін жеткен қазақ ертегілері баға жетпес фольклорлық мұрамыз. 15, 16 ақпанда Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Әгугай мен Игигай» музыкалық ертегі-шоуының премьерасы өтеді.
«Әгугай мен Игигай» атты халық ертегілері желісі бойынша құрастырылған балаларға арналған музыкалық ертегіде ұлттық құндылықтарымыз дәріптеледі. Сондай-ақ адал, мейірімді және әділ болуға үйретеді. Жамандықтан, зұлымдықтан, өтіріктен аулақ болуға шақырады.
Театр директоры: Ринат Заитов Режиссер: Нұржан Тутов

Қуаныш Жұмабекұлы «Алатау» дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің басшысы

Барлық жаңалық