Жаңалықтар

"2,5 сағат ота жасаған": Назарбаев ауруханаға түсті

"2,5 сағат ота жасаған": Назарбаев ауруханаға түсті

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалған. Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты КТК арнасына сілтеме жасап. 

Еліміздің бас кардиохирургы Юрий Пьянның айтуынша, бұл шұғыл емес, жоспарлы түрдегі ем шарасы екен. 

Негізінен бұл ота былтыр жоспарланған екен. Алайда тұңғыш президенттің жұмыс кестесіне байланысты осы күн таңдалыпты. 

Екі жарым сағатқа созылған ота сәтті өткен. Қазір Назарбаевтың жағдайы қалыпты. Егер өзін жақсы сезініп жатса, жақын арада ауруханадан шығарылады. 

Барлық жаңалық