Шоу-бизнес

"Саршұнақ деп еркелететін": Маржан Арапбаева анасын еске алып, жылап қалды (ВИДЕО)

"Саршұнақ деп еркелететін": Маржан Арапбаева анасын еске алып, жылап қалды (ВИДЕО)

Танымал әнші Маржан Арапбаева “1001 түн” бағдарламасына берген сұхбатында балалық шағын еске алып, өмірден өткен анасын сағынышпен еске алды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Өнер иесінің айтуынша, анасының дүниеден озғанына 20 жылдан асқан. Ол әнші үшін тек ана ғана емес, сырласы әрі өмірге жігер беретін ең жақын адамы болған.

Маржан Арапбаева өзін көп жылай бермейтін, қандай қиындық болса да өмірге күлімдеп қарайтын адам ретінде сипаттады. Оның сөзінше, түрлі сынақты сабырмен қабылдайды, алайда жүрегін елжірететін жалғыз сағыныш – анасына деген сағыныш.

Әнші сұхбат барысында егер бір арманы орындалса, анасымен қайта жүздесіп, тым болмағанда бір күн бірге өткізгісі келетінін айтты. Ол балалық шағындағы ауыл өмірін, жаз мезгілін, бақшадағы тіршілікті ерекше жылылықпен еске алды.

Өнер иесі анасының қолына шелек ұстап, бақшадан қызанақ теріп келе жатқан сәттері әлі күнге дейін көз алдында екенін жеткізді. Сонымен қатар үйдегі айран, сүт, қаймақ пен таба нанның дәмі балалық шағымен байланысты ыстық естелік болып қалғанын айтты.

Әншінің сөзінше, әкесі агроном болғандықтан, бала күнінде еш қиындық көрмей өскен. Егер анасына тағы бір рет жолығу мүмкіндігі туса, оны құшақтап, жанынан бір елі шықпас едім дейді. Сондай-ақ анасы өзін еркелетіп “Саршұнақ” деп атайтынын сағынышпен еске алды.

Барлық жаңалық