Шоу-бизнес

"Бірінші рет емес": Әнші Ерболат Құдайберген шаңырақ көтерді (ВИДЕО)

"Бірінші рет емес": Әнші Ерболат Құдайберген шаңырақ көтерді (ВИДЕО)

Әнші Ерболат Құдайберген ресми түрде шаңырақ көтерді. Бұл туралы оның жары Зәуре Құдайберген әлеуметтік желіде жариялады. Желіде тараған видеода жұп неке куәлігін ұстап түскен, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Кадрда: «Біз бүгін ресми түрде ерлі-зайыпты атандық» деген жазу көрсетілген.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты қызу талқылап, түрлі пікір қалдырған. Кейбірі әншіні құттықтап, «Бақытты болыңыздар!» деген тілектерін жаудырса, енді бірі Ерболаттың бұрынғы отбасы туралы еске салған.

Пікірлер арасында: «Нешінші әйелі?» «Мне кажется, она не первая жена» «Вроде әйелі бар емес пе еді?» «Бұл менің сыныптасым Айгүлге үйленген еді ғой, 4 баласы бар қателеспесем» деген жазбалар көп кездескен.

Ал кейбір оқырмандар: «Ал келінжан бақытты болыңдар» «Мына әнші енді үйленді ме?» деп жас жұбайларға ақ тілегін білдірген. Сонымен қатар желіде гүл шоғына қатысты да әзіл пікірлер тарады.

Айта кетейік, Ерболат Құдайберген бұған дейін де жеке өміріне байланысты бірнеше рет ел талқысына түскен еді. Соңғы айларда әншіге қатысты түрлі видео мен қауесеттер тараған болатын.

Барлық жаңалық