Мәдениет саласының ардагері Ардақ Құбаш Ақтөбе облысында қаза тапқан Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі Қуанышбек Серікжанұлы туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ол марқұмның қазасын ауыр қабылдағанын айтып, оның жақындарына көңіл айтты.
«Түбіне жетті-ау… санасыздардың былығы мен қылығыңан-ай… адам өмірін күл-талқан етіп аңыратып-ау… жерлестер… жас әкіміміз Қуанышбек Серікжанұлынан қапыда айырылып қалдық-ау … осындай қаралы хабар келді, қайтейін-ай… әрине, қысым болмады деп айта алмаймын, діттеген пенде түбіне жетті, аян арқылы да көргенмін кім екенін өзіне айта алмадым-ау… соңғы қоңырау соққанның да ел тыныш па деп…», – деп жазды Ардақ Құбаш.
Сондай-ақ ол марқұмның отбасына, туған-туыстарына сабыр тіледі.
«АЛЛА алдынан жарылқасын, біліп-білмей жасаған күнәләрін кешіріп, жұмақтан төрі болғай да. Ата-анасына, жанұясына, жан-жары, балаларына, бауырлары, тума-туыстары мен достарына көңіл айтып, жұбату айтып, сабырға шақырамыз. Басқа не келеді қолымыздан-ай…», – деді ол.