Желіде Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның бірге түскен суреті тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Мөлдір Мұқан іс-сапармен Қырғызстанға барған. Артынша желі беттерінде оның әзілкешпен түскен суреті пайда болды.
Пікір білдірушілердің қуанышында шек жоқ.
"Бәйбіше Құдайдың бұйрығы, тоқал иттің құйрығы деген сөз осыдан қалған. Қуаныштымын қайта қосылғандарына", "Бірге болыңдар", "Есіңді енді жинадың ба", "Уайымдап, жаман күйзелдік. Қайта қосылса екен", "Алла қосады деп ойлаймын", деді олар.
Ал пікір қалдырушылардың екінші бөлігі суреттің ЖИ көмегімен істелгенін жазған.
"ИИ болса да мейлі", "ИИ емес пе?", "Фотошоп қой. Тұрсынбекті жанына қойып қойған", "Барлығы қойылым", деп жазды бір бөлігі.
Әзірге Мөлдір де, Тұрсынбек те аталмыш жайтқа қатысты жақ ашқа жоқ. Алайда халық әзілкештің әлеуметтік желісіндегі суреттерге қарап, екеуінің қосылғанын талқылап жүр.