Жаңалықтар

"Денесін дәлізбен сүйреп, жасырған": Марқұм Нұрдәулеттің отбасы сұмдық деректермен бөлісті

"Денесін дәлізбен сүйреп, жасырған": Марқұм Нұрдәулеттің отбасы сұмдық деректермен бөлісті

Қазақстанда 16 жастағы студент Нұрдәулет Мырзалының өліміне қатысты тергеу басталды. «Криминальный Казахстан» арнасының хабарлауынша, марқұмның туыстары жасөспірім жоғарғы курс студенттерінің қатыгездікпен сабауынан көз жұмды деп есептейді деп хабардайды ozgeris.info сайты.

Марқұмның отбасы оқиғаның кездейсоқ еместігін алға тартуда. Жасөспірімнің әпкесінің айтуынша, үшінші курстың бірнеше студенті Нұрдәулетті ұрып-соғып, кейін қылмысты жасыру мақсатында оның денесін жатақхана дәлізімен сүйреп апарып, бөлмеге тығып қойған. Ал марқұмның әкесі жатақханадағы жүйелі әлімжеттік туралы мәлімдеді: оның сөзінше, жоғарғы курс студенттері кіші курстағыларды үнемі спортзалға апарып, қорлық көрсетіп отырған.

Полиция департаменті оқиға орнында күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын растады. Аталған факті бойынша жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Бұл іс полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды.

Қайғылы оқиғадан кейін оқу орнында бірқатар кадрлық шешімдер қабылданып, жатақханадағы тәртіпті қадағаламағаны үшін бірнеше қызметкер жұмыстан қуылды. Алайда, колледж басшылығы бұл жағдайды «буллинг» немесе жүйелі әлімжеттік емес, студенттер арасындағы «жеке жанжал» деп түсіндіруде.

Марқұмның отбасы бұл нұсқамен мүлдем келіспейді. Олар тек төбелеске қатысқан студенттерді ғана емес, жатақханадағы қауіпсіздікке жауапты болған барлық қызметкерлерді қатаң жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.

Барлық жаңалық