✅ Пайдалы

2026 жылы пәтерге қалай ақша жинаймыз?

2026 жылы пәтерге қалай ақша жинаймыз?

Ипотека қымбаттаған тұста көп адам бірден несие алудан гөрі, ақшаны өзі жинап, баспананы кейін сатып алуды ойлай бастады. Бұл жол ұзақ көрінгенімен, дұрыс жоспар болса, нәтиже беретін тәсіл. Banki.ru сарапшылары осы ұзақ жолды қалай қысқартуға болатынын саралады, деп жазады Ozgeris.info.

 

Кейінгі кезде ипотекалық мөлшерлемелер жоғары деңгейде қалып отыр. Соның салдарынан несиеге алынған пәтердің түпкі бағасы бастапқы құнынан бірнеше есе асып кетуі мүмкін. Сондықтан кей азаматтар асықпай, ақшаны біртіндеп жинап, үйді қарызсыз алуды жөн көреді. Әсіресе тұрақты табысы бар, тұратын жері әзірге шешілген адамдар үшін бұл тәсіл қолайлы бола бастады.

 

Дегенмен пәтерге ипотекасыз ақша жинау бәріне бірдей келе бермейді. Бірақ кей жағдайларда бұл әлдеқайда тиімді әрі қауіпсіз болуы мүмкін. Себебі банкке пайыз төлемейсіз, ұзақ жылдық қарыз алмайсыз және қаржыңызды өзіңіз басқарасыз. Егер дәл қазір үй алу аса шұғыл болмаса, бұл тәсіл жақсы жұмыс істейді. Мысалы, өз пәтеріңіз бар болса, қызметтік үйде тұрсаңыз немесе туыстардың үйінде тегін тұру мүмкіндігі болса, жалға ақша жұмсамайсыз. Ал бұл ай сайын едәуір қаражатты жинақтауға жол ашады.

 

«Ипотекалық мөлшерлемелер 15 пайыздан асып кеткен кезде де жинау тиімді бола түседі. Себебі мұндай жағдайда несиеге алынған үй үшін артық төлем кейде 2 есе емес, 3 немесе 4 есе болып кетеді. Мұндайда асықпай, өз ақшаңды жинау ұтымдырақ көрінеді. Тұрақты әрі жоғары табысы бар адамдар үшін де жинақтау орынды. Егер үйді бағасы қолжетімді өңірден алуды жоспарласаңыз, бірнеше жылдың ішінде қажетті соманы жинап алуға болады. Бұл жағдайда банкке пайыз төлеудің қажеті жоқ», дейді мамандар. 

Ал табыстың тұрақтылығына сенім аз болса, ипотека тәуекелді шешімге айналады. Жұмыстан айырылып қалсаңыз немесе кіріс азайса, несие төлеу қиынға соғады. Ал жинақтау кезінде табыс тоқтаса, жай ғана ақша жинауды уақытша доғарасыз. Ешқандай айыппұл да, баспанадан айырылу қаупі де жоқ.

Кей адамдар үшін қарызсыз өмір сүру маңызды. Банкке тәуелді болмау, ай сайынғы төлемді ойламау психологиялық тұрғыдан да жеңіл. Жинап алған пәтеріңіз өзіңіздікі болады, ешқандай қауіпсіз. Енді аз жалақымен қалай жинауға болады деген сұрақ туады. Бұл қиын, бірақ мүмкін. Ең бастысы жүйе мен тәртіп.

 

«Алдымен өз бюджетіңізді толық қарап шығыңыз. Ақшаның қайда кетіп жатқанын анықтау керек. Көп жағдайда күнделікті ұсақ шығындар, қажетсіз жазылымдар байқалмай кетеді. 2 немесе 3 ай бойы барлық шығынды жазып көрсеңіз, артық тұстар анық көрінеді. Аз жалақыда жоспарсыз өмір сүру жинаққа үлкен кедергі. Сондықтан азық түлікке, демалысқа, киімге алдын ала лимит қойып үйрену керек. Маусымдық шығындарға да ертерек дайындалған жөн. Өзіңізді қатты қыспау үшін жинауды ойынға айналдыруға болады. Бір апта кофе сатып алмау, бір ай артық жазылымдарды өшіру, түскі асты үйден алып шығу сияқты шағын сынақтар мотивацияны сақтауға көмектеседі. Шығынды қысқарту белгілі бір шекке дейін ғана көмектеседі. Сондықтан табысты арттыру да маңызды. Қосымша жұмыс, фриланс, біліктілікті көтеру арқылы табысты 5 пайыздан 30 пайызға дейін өсіруге болады. Осы қосымша табысты толығымен жинаққа бағыттаған дұрыс», дейді сарапшылар. 

Міндетті төлемдер азайған сайын жинақ жылдамдайды. Байланыс тарифін ауыстыру, қажетсіз қызметтерден бас тарту, жалдамалы үйді арзанырақ нұсқаға ауыстыру да үлкен әсер береді. Айына 1 немесе 2 мың үнемдеу де ұзақ мерзімде айтарлықтай нәтиже береді. Үлкен мақсатты ұсақ кезеңдерге бөлген жөн. Алдымен 30 мың жинау, кейін ай сайынғы жинақты 2 мыңнан 3 мыңға көтеру, одан соң қаржылық қор қалыптастыру. Әр жеткен қадам сенімді арттырады.

Айына 1 немесе 3 мың теңге жинаудың өзі мағынасыз емес. Бір жылда бұл 36 мыңға айналады. Бұл күтпеген шығындардан қорғайтын шағын қор. Енді ақшаны қалай дұрыс жинау керек дегенге келейік. Мұнда нақты жүйе қажет. Алдымен мақсат пен мерзімді анықтау керек. Мысалы, пәтердің шамамен бағасын және қай жылға дейін жинайтыныңызды белгілеңіз. Бұл жоспарды нақты етеді. Егер тұтынушылық несиелеріңіз болса, алдымен соларды жапқан дұрыс. Пайыздар жинаққа кедергі келтіреді.

 

Ең басты қағида табысты алған сәтте өзіңізге төлеу. Яғни жалақы түскен бойда белгілі бір бөлігін жинаққа аудару. Қалдықты емес, алдын ала белгіленген соманы. Мұны автоматты түрде қойып қойған ыңғайлы. Шығынды тұрақты бақылау қажет. Кофе, жеткізу қызметтері, маркетплейстердегі артық сатып алулар көбіне байқалмай кетеді. Мүмкіндік болса, табысты арттыру жолын іздеу керек. Табыс өсіп, шығын сол күйі қалса, жинақ та тез өседі. Ақшаны инфляциядан қорғау үшін оны жай картада емес, жинақ шотында немесе депозитте ұстаған жөн. Бұл жинақтың құнын сақтауға көмектеседі.

 

«Жинаудың да өз әдістері бар. Бірі табыстың 10 пайызын жинайды. Екіншісі аздан бастап, біртіндеп арттырады. Үшіншісі 50-30-20 жүйесін қолданады. Тағы бірі күнделікті қалдықты дөңгелектеу тәсілін пайдаланады. Ең бастысы өзіңізге ыңғайлысын таңдау. Жинақ жолында жиі жіберілетін қателіктер де бар. Нақты мақсаттың болмауы, бюджетті есептемеу, басымдықтарды дұрыс қоймау, тым жылдам нәтиже күтуді айтуға болады. Кейбірі қосымша табысты елемейді, ал кейбірі күтпеген шығындарды есепке алмайды. Ең қауіптісі тәртіптің болмауы. Қорытындысында айтарымыз пәтерге жинау оңай емес, бірақ мүмкін. Бұл ұзақ жол, алайда дұрыс жоспар мен сабыр болса, ипотекасыз да өз үйіңізге қол жеткізуге болады», дейді мамандар. 

 

Барлық жаңалық