Жаңалықтар

2005 жылдан бері Ресейдің Қазақстандағы тікелей инвестициялары 29 миллиард долларға жетті.

2005 жылдан бері Ресейдің Қазақстандағы тікелей инвестициялары 29 миллиард долларға жетті.

Ресей мемлекеті Қазақстан экономикасына қаржы құюдан ең ірі үш инвестордың қатарына енеді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан деректерге сүйенсек тек 2025 жылдың қорытындысы бойынша көршілес елден келген тікелей инвестиция көлемі 2,9 миллиард долларды құрады. Ал 2005 жылдан бергі жалпы қаражат 29 миллиард долларға жуықтаған.

Омбы қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың жиырма екінші форумы өтіп жатыр. Осы ауқымды шара төрінде "Ресей мен Қазақстанның тұрақты даму факторы ретіндегі өнеркәсіптік кооперация" атты арнайы панельдік сессия ұйымдастырылды. Жиынға Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков қатысты. Басқосуда қос мемлекеттің өнеркәсіптік байланысындағы өзекті көрсеткіштер ортаға салынды. Сонымен қатар бірлескен инвестициялық жобалар мен инвесторларды қолдаудың мемлекеттік шаралары талқыланды. Кооперацияны дамытудың тиімді тетіктеріне де жеке назар аударылды.

Қазіргі таңда екі елдің өнеркәсіптік ынтымақтастық портфелі 177 бірлескен жобадан тұрады. Олардың жалпы құны 52,7 миллиард долларға жетеді. Осы алып бастамалардың арқасында 60 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл үлкен істің айтарлықтай бөлігі қазірдің өзінде толық орындалған. Нақтырақ айтсақ 22,4 миллиард долларға бағаланған 122 жоба іске қосылып үлгерді.

Келіссөздер барысында бизнес өкілдеріне арналған қазіргі мемлекеттік қолдау шаралары жан-жақты қаралды. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың мүмкіндіктері екшелді. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы кооперациялық жобаларды қаржыландыру жолдары да назардан тыс қалған жоқ.

Барлық жаңалық