Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Омбы қаласына іс самармен барады. Бұл іс сапар көршілес ел президенті Владимир Путиннің арнайы шақыртуымен жүзеге асып отыр, деп хабарлайды ozgris.info сайты.
Сапардың басты мақсаты Қазақстан мен Ресейдің жиырма екінші аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысу болып табылады. Жиын аясында қос мемлекет басшыларының жеке кездесуі жоспарланған. Екі ел жетекшілері ынтымақтастықты дамытуға арналған форумның пленарлық отырысына қатысады.
Бұған дейін қос тарап осы жылдың көктемінде бірнеше мәрте жүздескен болатын. Тоғызыншы мамырда Қазақстан президенті Жеңіс күніне арналған шараларға қатысу үшін Мәскеуге барды. Сол кезде ол Владимир Путинмен жеке келіссөздер жүргізді.
Ал мамыр айының соңында Ресей басшысы Астанаға мемлекеттік сапармен келген еді. Елорда төріндегі кездесу барысында екіжақты келіссөздер өтті. Сонымен қатар Владимир Путин Еуразиялық экономикалық форумға және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты.