Жаңалықтар

Семейде бір жасар бала терезеден құлап, көз жұмды

Семейде бір жасар бала терезеден құлап, көз жұмды

Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде бір жасар бала терезеден құлап, көз жұмды. Бұл – Абай облысында биыл тіркелген алғашқы қайғылы жағдай емес. Жыл басынан бері өңірде балалардың терезеден құлауына байланысты 10 оқиға тіркелген, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Осыған байланысты Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

«Балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыздар. Терезенің алдына жиһаз қоймаңыздар, ал маса торын қорғаныс құралы ретінде қабылдамаңыздар. Ол баланың салмағын көтермейді. Осындай қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау ғана орны толмас қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

Барлық жаңалық