Қазақстанда цифрландыруды дамытумен IT–мамандар мен мемлекеттік қызметкерлер айналысады

«INTEGRITY ASTANA» ЖММ коммерциялық емес ұйымның сарапшылары осындай ұйғарымға келді. Олар өз жұмысында ашықтықты сақтап, қоғамның қатысуына негізделген сындарлы диалог арқылы қоғамда тұтас ойлауды қалыптастыру қағидасын ұстана отырып, цифрлық технологияларды қадағалайтын бейіндік комиссиялар мен өңірлік Қоғамдық кеңестердің  құрамына  нақты кімдер кіретінін  түсіну үшін ашық ақпарат көздерін зерттеді.

Жұмыс  жүріп жатқанымен, оны жер-жерде нақты кімнің қадағалайтыны көбіне белгісіз болып шықты. Мемлекет басшысының  2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Цифрландыруды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. Комиссияны ҚР Премьер-Министрі басқарды, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі төрағаның орынбасары, ал Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі комиссияның хатшысы болып тағайындалды.Аталмыш комиссияның құрамынаҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, Жоғарғы Сот пен ҰҚК, Ұлттық Банк, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, ҚР Бас Прокуроры, Республиканың барлық ұлттық агенттіктері мен министрліктерінің басшылары және келісім бойынша «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма Төрағасы және «Астана» халықаралық қаржы орталығының менеджері кірді.Комиссия мүшелерінің арасында барлық мемлекеттік ведомстволар басшыларының болуы дұрыс шешім. Себебі, республикада барлық сала бойынша жаһандық цифрландыру жүргізіледі. Сондай-ақ, бұл  министрліктер мен ведомстволардың жұмысына өзара тікелей байланысты.

Комиссия құрамына отандық сарапшылар да шақырылған. Венчурлық инвестор Мұрат Әбдірахманов, «Көркем Телеком» ЖШС басшысы Қайрат Ахметов, «Helios soft» ЖШС жетекшісі Серік Бүтімбаев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев, «Documentolog» ЖШС басшысы Байжан Қанафин, Kaspi.kz АҚ  басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе, «Chocofamily Holding» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Рамиль Мухоряпов, «Kazdream Technologies» ЖШС басшысы Дәурен Төлебаев және «Prime Source» ЖШС басшысы Евгений Щербининдер бар.Сондай-ақ, комиссия құрамында халықаралық сарапшылар да бар. BitfuryGroup көп салалы блокчейн компаниясының бас директоры Валерий Вавилов, Alibaba Group технологияларды дамытуды басқару комитетінің төрағасы Ван Цзянь, Booking.com сайтының аға әзірлеушісі және топ жетекшісі Әлібек Датбаев, Қосылған Құрылғылар Дүниежүзілік экономикалық форумы және IoT басқарма басшысы Джефф Меррит,  Канг-так О.Х., Жаһандық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық департаментінің вице-президенті, Кореяның Ұлттық ақпараттық қоғамы, Крис Фергюсон,Ұлыбританияның мемлекеттік цифрлық қызметінің директоры, Ланвин Бруно,  INSEAD атқарушы директоры, цифрлық экономиканы трансформациялау бойынша кеңесші Махмуд Ясмин, Delivery Club компаниясының операциялық директоры Сейдахметов Мұхит Өзбекұлы,  e- негізін қалаушы және Басқару академиясының бірінші директоры Талло Ивар,  IDC Ресей және ТМД елдеріндегі вице-президенті Роберт Фариш.Өңірлерде де аймақтық IT кеңестер құрылды.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға сәйкес, өтелмеген соттылығы жоқ, сыбайлас жемқорлық қылмысын және қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылмаған,  психикалық денсаулығына қатысты медициналық ұйымда есепте тұрмаған  кәмелет жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы Кеңес мүшелігіне кандидат бола алады. 2020 жылы Алматыда қаланы цифрландырудың бірыңғай саясатын әзірлеу мақсатында құрылған IT-кеңесті Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев басқарды. Айта кетейік керек, Кеңес Алматы қаласы әкімі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Оның қызметінің мақсаты бизнес-қоғамдастығының  ұстанымдарын ескере отырып, қаланы цифрландырудың бірыңғай саясатын енгізу болып табылады. Сондай-ақ, ақпараттық технологиялар саласындағы білім беру ұйымдары, қала тұрғындарының мүдделері мен оның дамуы үшін цифрландыру саясатын іске асыру шешімдерін әзірлеу және ықпал ету, ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіпкерлік пен білім беруді дамытуды қолдау қарастырылған.Кеңестің ережесіне сәйкес, оның құрамына  білім беру саласының, бизнес-қоғамдастықтың және IT-бизнес өкілдері, сондай-ақ техникалық университеттердің өкілдері кіруі тиіс.

Төмендегі жекелеген тізімнен көріп отырғанымыздай, бұл теңгерімге Алматыда қол жеткізілді. Кеңес құрамын қала әкімдігі бекітті. Әрбір мүше ең көбі бір жылға сайланады. Бірақ құрамы жарты жылда бір рет 5-7 адам дауыс беру арқылы жаңартылуы мүмкін.Қазіргі уақытта Алматы қаласының IT-кеңесі құрамында:Баян Қоңырбаев, қалалық цифрландыру басқармасының басшысы,Жазира Саурбаева, Кеңес хатшысы, Цифрландыру департаментінің өзгерістерді басқару және үдерістерді дамыту бөлімінің бас маманы,Әсем Нұрғалиева, «Бірінші несиелік бюро» ЖШС атқарушы директоры,Евгений Щербинин, «Прайм Соурс» ЖШС директоры,Мәди Сәкен, «Frontier KZ» ЖШС даму жөніндегі директоры, Big Data ұлттық қауымдастығы басқармасының мүшесі,Қайрат АХМЕТОВ, «Көркем Телеком» ЖШС жоба менеджері,Аслан Сұлтанов, «ITI Capital Qazaqstan» бас директоры,Машир Еркеғали, «Azimut Solutions» ЖШС бас директоры,Әлішер Тойгулиев, «Sxodim Tickets» ЖШС директоры,Николай Ваганов, «NLS-Kazakhstan» ЖШС құрылтайшысы,Әлібек Бисембаев, ҚБТУ ақпараттық технологиялар факультеті деканының орынбасары,Виталий Ермоленко, «MedElement» ЖШС директоры,Ақмарал Қуатбаева, ф.ғ.д. информатика мамандығы бойынша Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің цифрлық трансформациялар факультетінің ақпараттық жүйелер кафедрасының доценті,Әлия Құлахметова, процестерді оңтайландыру және автоматтандыру сарапшысы,Ердос Мендыбаев, тәуелсіз сарапшы, «Method digital education» бағдарламалау мектебінің директорыАндрей Беклемишев, тәуелсіз сарапшы, International Data Corporation вице-президенті,Әлібек Нарымбаев, тәуелсіз сарапшы, «Биометрика» ЖШС директоры.

Осыған қарағанда  жұмыста ашықтық пен жариялылық қағидасын әзірге тек Алматы ғана ұстанып отыр. Қазақстанның Елорда және Шымкент сияқты ірі қалаларындағы IT кеңестерінің құрамына кімдер кіретіні белгісіз. Оның үстіне, ашық дереккөздерді зерттей келе, біздің мамандар Шымкент мегаполисінде мұндай ұйымның құрылғаны белгісіз екенін, тым болмағанда әкімдіктің сайтында да, басқа интернет сайттарында да бұл туралы бірде-бір сөз жоқ екенін анықтады. Ал елорданың IT-кеңесінің құрамына келетін болсақ, ол 2020 жылы құрылған және оны қала әкімі Алтай Көлгінов басқарып отырғаны ғана мәлім.

Нұр-Сұлтандық шенеуніктер қаладағы цифрландырудың аралық нәтижелері туралы үнемі есеп бере отырып, IT-кеңестің бар екенін жай ғана сөзбен атап өтеді. Ал оның құрамында нақты кім бар және оның осы процеске қалай ықпал еткені туралы ақапарат мүлдем жоқ,  отырыс хаттамаларында көрсетілмеген. Бұл орайда  елорда әкімдігі алматылық әріптестері сияқты ашықтықты қамтыса деген өтініш бар. Себебі, бұл жұмыс қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жасалып жатқандықтан, ақпараттың халыққа барынша ашық және қолжетімді болуы керек деп есептейміз.

 

Жанат НҰРҒАЛИЕВ,

экономист,«INTEGRITY ASTANA» ЖММ

коммерциялық емес ұйымның директоры.