Жаңалықтар

Wildberries қоймасындағы өрт: Отандық кәсіпкерлер нені білуі керек?

 Wildberries қоймасындағы өрт: Отандық кәсіпкерлер нені білуі керек?

Ресейдегі Wildberries компаниясының логистикалық қоймасында болған ірі өрт мыңдағанкәсіпкердің жұмысына әсер етуі мүмкін. Бұл оқиғатек бір қойманың өртенуі емес, халықаралықэлектронды коммерция жүйесінің осал тұстарынайқын көрсеткен жағдай болды, деп тарқатады Ozgeris.info тілшісі. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына дрондардың шабуылы себеп болған. Ауыр соққыдан кейін Электросталь қоймасы мен Котовск логистикалық орталығында ауқымды өрт шығып, сақталған тауарлардың басым бөлігі жанып кеткен. Қазақстандық сатушылар үшін де бұл күтпеген шығын мен жаңа тәуекелдердің басталуына себеп болуы ықтимал. Соңғы бірнеше жылда Wildberries Қазақстандағы ең танымал маркетплейстердің біріне айналды. Мыңдаған кәсіпкер өз өнімін дәлосы платформа арқылы сатып, негізгі табысынонлайн саудадан тауып келеді. Алайда логистикалық орталықтағы төтенше жағдай бүкіл жеткізу тізбегіне әсер етеді. Бір қоймада сақталған өнім ғана емес, сол бағыт арқылы өтетін барлық тауардың қозғалысы баяулайды. Нәтижесінде жеткізу мерзімі ұзарып, кәсіпкерлердің табысына тікелей ықпал етеді. Маркетплейс бизнесінің ең басты капиталы – сенім. Егер тапсырыс уақытында жетпесе, сатыпалушы басқа сатушыны немесе басқа платформаны таңдауы мүмкін.  

Қазақстандық кәсіпкерлер қандай қиындыққа тап болады?  

Тілсіз жаудың алғашқы салдары ең алдымен сатушыларға сезіледі. Жеткізу мерзімі кешігеді. Клиенттердің шағымы көбейеді. Сатушының рейтингі төмендеуі мүмкін. Кейбір сатыпалушылар тапсырыстан толықтай бас тартады. Ал мұның барлығы айналып келгенде кәсіпкердің табысына тікелей әсер етеді. Әсіресе шағын бизнес үшін мұндай жағдай ауыр соққы болуы мүмкін. Себебі олардың көпшілігі үлкен қор жинамайды және барлық өнімін бір ғана маркетплейс арқылы өткізіп келеді. Бұдан бөлек, егер тауар зақымданса немесе жойылса, оның өтемақысын алу процесі де уақытты талап етеді. Осы аралықта кәсіпкер жаңа өнім сатып алуға, жарнама жасауға немесе басқа шығындарын өтеуге қаражат таба алмай қалуы ықтимал. Әлеуметтік желілерде пікір білдірген қолданушылардың басым бөлігі жеткізу мерзімінің ұзаруына алаңдаушылық білдірсе, енді бір бөлігі балама сатушыларды таңдауға дайын екенін жазуда. Кейбір тұтынушылар мұндай жағдайда маркетплейстің сатушыларға өтемақы төлеу тетігі ашық болуы тиіс деген пікір білдірген.

Берді Бегменов есімді кәсіпкер Wildberries тарапынан ешқандай көмек болмайтынын алға тартып, 650 мың АҚШ доллары көлемінде шығынға ұшырағаны туралы Instagram парақшасында әсерлі пост жариялады. Маркетплейстің 7 шілдедегі жария офертасы бойынша кәсіпкерлердің тауарлары сақтандыруға жатпайды.  

Ел экономикасына әсері қандай?  

Бір қарағанда бұл Ресейдегі ішкі мәселе сияқты көрінгенімен, оның әсері Қазақстанға да жетеді. Себебі бүгінде электронды коммерция мемлекетаралық логистикаға тәуелді. Қазақстанда онлайн сауда көлемі жыл сайын өсіп келеді. Осы нарықтағы ірі ойыншылардың біріндегі кез келген іркіліс мыңдаған сатушының айналымына ықпал етеді. Бұл неге әкеліп соғу мүмкін. Атап айтар болсақ, электронды сауда көлемі төмендеуі мүмкін, жеткізу құны қымбаттауы ықтимал, логистикалық шығындар артады; отандық кәсіпкерлер балама қойма іздеуге мәжбүр болады. Дегенмен сарапшылар мұндай оқиғаны ұлттық экономика үшін ұзақмерзімді қауіп деп бағаламайды. Себебі нарық жаңа жағдайға тез бейімделеді. Компаниялар жеткізу бағыттарын өзгертіп, қоймаларды қайта бөледі және жаңа логистикалық шешімдерді іске қосады. Десе де, ірі кәсіпкерлер қоймадағы тауарлардың орнын қалай толтырамыз деп әлек.  

Бұл оқиға нені көрсетті?  

Wildberries қоймасындағы өрт бүгінгі бизнестің бірмаңызды қағидасын дәлелдеді: бір ғаналогистикалық орталыққа немесе бір ғана маркетплейске тәуелді болу – үлкен тәуекел. Көптеген кәсіпкерлер барлық тауарын бір қоймаға жинайды. Бұл қалыпты жағдайда тиімді көрінгенімен, төтенше жағдай кезінде үлкен шығынға алып келеді. Дегенмен, аталған маркетплейстен бөлек елімізде танымал Kaspi.kz, Ozon.kz сынды платформалардың тасы өрге домалауы ықтимал деген болжам да жоқ емес.  Сондықтан бүгінде әлемдік тәжірибеде компаниялар тауарларын бірнеше өңірдегі қоймаларға бөліп сақтауға көшіп жатыр.

Тұтынушыларға әсері қандай?  

Өрттің салдарын қарапайым сатып алушылар да сезінуі мүмкін. Ең алдымен жеткізу мерзімі ұзаруы ықтимал. Кейбір тауар уақытша қолжетімсіз болады. Ал сұранысы жоғары өнімдердің бағасы өсуі де ғажап емес. Мұндай жағдайда мамандар тұтынушыларға тапсырыс мәртебесін тұрақты бақылауды, сатушымен тұрақты түрде байланыста болуды, жеткізу тым кешіксе қайтару немесе өтемақы рәсімдеуді, қажет болған жағдайда балама сатушыларды таңдауды ұсынады. Алайда бұл – мүлдем басқаша жағдай. Тұтынушылар мамандардың сөзіне құлақ асса, жығылғанға жұдырық боп, кәсіптері одан әрі құлдырай ма деген қауіп бар.    

Отандық кәсіпкерлер қандай қорытынды шығаруы керек?  

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін негізгі сабақ – тәуекелді алдын ала бағалау, жеткізу арналары мен сату платформаларын көбейту және бизнесті бір ғана маркетплейске тәуелді етпеу. Ал тұтынушылар үшін бұл уақытша қолайсыздық болғанымен, электронды коммерция нарығы мұндай сынақтарға бейімделе алады. Дегенмен болашақта логистикалық қауіпсіздік, қойма инфрақұрылымы және тәуекелдерді басқару мәселелері бұрынғыдан да маңызды бола түсетіні анық. Экономика мамандарының пікірінше, Wildberries қоймасындағы оқиға Қазақстан кәсіпкерлеріне маңызды сабақ болды. Бір ғана маркетплейске тәуелді болу – бизнестегі негізгі тәуекелдердің бірі. Кәсіпкерлер логистиканы әртараптандырып, өнімдерін бірнеше электронды сауда алаңында қатар сатуды жолға қоюы қажет. Бұл форс-мажор жағдайларында табысты сақтауға мүмкіндік береді.

Тағы бір маңызды мәселе – сақтандыру. Өнімді сақтандыру шығын болып көрінгенімен, дәл осындай күтпеген жағдайларда бизнесті үлкен қаржылық тәуекелден қорғай алады. Wildberries қоймасындағы өрт – жай ғана техникалық апат емес. Бұл халықаралық электронды коммерцияның күрделі әрі өзара байланысты жүйе екенін көрсеткен маңызды оқиға. Аталған компания логистикалық желіні қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған. Ал өрттің нақты көлемі мен келтірілген шығын тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады. Алайда бұл оқиға электронды коммерция саласындағы тәуекелдерді басқару мәселесінің өзектілігін тағы бір мәрте көрсетті.

Қазіргі таңда ең басты міндет – логистикалық жүйенің қалыпты жұмысын мүмкіндігінше тез қалпына келтіру және зардап шеккен сатушылардың шығынын барынша азайту. Өйткені электронды коммерцияның тұрақтылығы тек ірі маркетплейстер үшін ғана емес, солар арқылы күн көріп отырған мыңдаған кәсіпкер мен миллиондаған тұтынушы үшін де маңызды. Сан мыңдаған кәсіпкерлер мен тұтынушылардың сенімді серігіне айналған Wildberriesкомпаниясының жұмысы қайта жанданары сөзсіз. Алдағы уақытта сақтық шаралары қолға алынып, компанияның мәселелері оңынан шешілуіне тілекші болайық!  

 

Барлық жаңалық