Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясындағы іске асып жатқан процесті түсіндірді.
- 2026 жылы Ұлттық қордан балаларға 130,71 АҚШ долларынан есептелген. Жалпы 3 жыл ішінде 370,56 АҚШ доллары есептелді. 2026 жылы 6 млн 918 мың адам қатысты, оның ішінде 356 613 адам 18 жасқа толады, - деді Д. Темірбеков Парламент Мәжілісінде ҚР Үкіметінің 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру кезінде.
Оның айтуынша, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және білім беру төлемдеріне 242 мың өтінім берілді. Оның ішінде 206 мың өтінім орындалып, 31,6 млн доллар жұмсалды.
https://kaz.inform.kz/news/ulttik-kordan-ar-balanin-esepshotina-zhalpi-kansha-audarildi-64b6ccd8