Жаңалықтар

Ұлттық банкте жаңа орынбасар: Бинур Жаленов тағайындалды

Ұлттық банкте жаңа орынбасар: Бинур Жаленов тағайындалды

Қазақстан Президентінің өкімімен Бинур Мұратұлы Жаленов Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болып тағайындалды деп жазды ozgeris.info сайты.

Бинур Жаленов 1993 жылы туған. Ол Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар Нью-Йорк университетінде ақпараттық жүйелер және іскерлік әкімшілік (MBA) бойынша магистр дәрежесін алған. Кембридж университетінің бизнес мектебінде білім алған және «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС-де IT-консультант ретінде бастаған.

2019–2020 жылдары Нью-Йорк университетінің Курант математикалық ғылымдар институтында ғылыми ассистент болып жұмыс істеген. Сонымен қатар АҚШ-тағы IBM IX компаниясында технологиялық стратегия бойынша кеңесші қызметін атқарған.

2021–2023 жылдары Қазақстан Ұлттық банкіне қарасты «Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы болды. Кейін Ұлттық банктің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығының бас директоры қызметін атқарды.

2023 жылдың тамыз айынан бастап Ұлттық төлем корпорациясы АҚ басқарма төрағасы болды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Бинур Жаленов Ұлттық банкте цифрлық трансформация жөніндегі жетекші және төраға кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Барлық жаңалық