"Мұндай тәжірибе әлемнің басқа елдерінде бар. Сонымен қатар, егер біреу үйде болып, үй шаруасымен айналысып, әсіресе балалармен болса, бұл да өнімділік саналады. Оны есептен шығаруға болмайды", – деді Жұманғарин.
Оның сөзінше, экономикада да осы аспект ескеріледі. Вице-премьер бұл бастаманы қарастыратынын атап өтті.
"Барлығы есептелетін нәрселер, экономикада бәрі саналады. Сондықтан, мүмкін, бұл бастаманы тереңірек бағалау қажет. Депутаттардың кез келген ресми ұсынысы қаралуы тиіс", – деді Жұманғарин.
Еске салсақ, бұрын Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден кішкентай балалары бар ата-аналар үшін жұмыс күнін қысқарту мәселесін көтерген болатын.